«Бір стандартты бет» деген не және аударманың құнын қалай жеке есептеуге болады?

Аударманың көлемін анықтау және құнын есептеу кезінде «бір стандартты бет» аталатын өлшеу бірлігі қолданылады. Бұл бет бос аралықты 1800 баспа белгілісін (символ) сыйғызатын А4 форматында болады.

Тапсырыс құнын өзіңіз есептеу үшін құжатты электронды форматқа көшіру қажет. Әрі қарай «Microsoft Word» бағдарламасында «Рецензирование» терезесін тауып, «Статистика» қосымшасын басасыз. Бос аралықты белгілер санын 1800-ге (стандартты аударма беті) бөлесіз. Бастапқы мәтіндегі бет саны осы тәсілмен есептеледі. Құны дайын аударма бойынша есептеледі және бастапқы мәтіндегі стандартты беттер санынан 20% аспайды.

Аударма мерзімі қалай есептеледі?

Тапсырысты орындау мерзімі құжаттың көлеміне, тақырыбы мен тіліне байланысты. Аударманың орташа стандартты мерзімі күніне 7-15 бетті құрайды. Шығыс тілдерін орындау күніне 5-6 бет. Мерзімдер қысқаруы мүмкін, бұл жағдайда тапсырыс шұғыл аударма саналады.

Көлемді құжатты қысқа мерзімде аудара аласыздар ма?

Иә. Шұғыл тапсырыстар үшін бізде жеке топ құрылып, нақты жобамен жұмыс істейді. Аударманы бірнеше аудармашы жасайды, содан кейін мәтін терминологиясы мен стилистикасын бірізді сәйкестендіру үшін редактор оқып түзетеді.

Сіздерде жеңілдіктер жасала ма?

Иә, біздің компания көлемді тапсырыстар кезінде, сондай-ақ тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер ұсынады. Жеңілдік мөлшері әр көлемді тапсырыс үшін жеке белгіленеді.

Тесттік аударма жасайсыздар ма?

Иә, тапсырыс алмасу жағдайында, бір абзацтың немесе бір беттің тесттік аудармасын жасаймыз. Біз жеке тұлғалардың жеке құжаттарының тесттік аудармасын жасамаймыз.

Маған төлқұжатты, туу туралы куәлікті және басқа құжаттарды ағылшын тілінен орыс тіліне аудару қажет. Өзім ағылшын тілін меңгергенмін және орыс тіліне аудара аламын. Аударманы өзім жасауыма бола ма?

Сіздің аударма жасалатын тілдерді жетік меңгергеніңізге қарамастан, ҚР заңнамасына сәйкес сізге кәсіби аудармашы аударған және оның қолы нотариалды куәландырылған құжаттарды сәйкес органдарға ұсыну қажет. Мұндай қызметтерді тек аударма бюролары мен нотариус жанындағы аудармашылар ғана жасайды.

Сізбен жұмыс істеуді қалай бастауға болады?

Бізбен жұмыс бастау өте қарапайым – өзіңізге ыңғайлы тәсілдердің кез-келгені арқылы хабарлассаңыз жеткілікті:
– телефондар бойынша қоңырау шалу,
– электронды поштаға жазу,
– біздің сайтта сұрау формасын толтыру.
Біздің менеджер Сізбен бірге тапсырыс детальдерін анықтайды және оның сапалы орындалуы үшін қажетті барлық қадамдар туралы хабарландырады.