A-Translation аударма агенттігі негізгі еуропалық және шығыс тілдеріне жазбаша және ауызша аударма жасау бойынша толық кешенді қызметтер ұсынады. Біз қаржылық-экономикалық, заңдық және жеке құжаттарды, медициналық және техникалық құжаттарды, көркем және ғылыми мәтіндерді, сайттарды аударамыз.
A-Translation аударма агенттігінің ауызша аудармашылары әр түрлі деңгейдегі іс-шараларда бірізді және синхронды аудармалар жасайды: шетелдік қонақтарға қаланы аралап көрсетуден бастап халықаралық конференцияларға дейін. Біз сондай-ақ аудармаларды нотариалдық куәландыру, түрлі қиындықтағы материалдарды беттеу, аудио- және видеоматериалдарды аудару бойынша қызмет көрсетеміз.
Біздің командамызда штаттық аудармашылар мен редакторлар, сондай-ақ тәжірибелі штаттан тыс аудармашылар базасы бар. Әр аудармашы – дипломы бар маман және белгілі бір тақырыпқа машықтанады. Бұл аударманың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Ауызша бірізді аударатын аудармашылар мен синхронист-аудармашылардың іскерлік келіссөздер, түрлі семинарлар, конференциялар, көрмелер, таныстырылымдар мен басқа да іс-шараларға қатысу тәжірибесі бай.
Біздің басымдықтарымыз:
Сапалы аударма
Ұсынылатын қызметтердің сапасын жұмысымыздың маңызды факторларының бірі деп есептейміз және жұмыстардың сапалы орындалуын бір жағынан әріптестікке тартылатын аудармашыларды тексеру және мұқият іріктеу жолымен, екінші жағынан әр тапсырыстың сапалы орындалуын бақылау жолымен жүзеге асырамыз.
Біздің аудармашыларымыздың барлығы нақты тақырып бойынша үлкен тәжірибелері бар. Мәтін аудармасы жасалғаннан кейін міндетті түрде редактор тексереді. Аудармаларды міндетті екі кезеңді тексерудің мұндай жүйесі бізге жазбаша аударманы жоғары сапада жасауға мүмкіндік береді.
Тапсырыс берушілердің қалауына қарай біздің аудармашылардың деңгейін тексеруге және көрсетілетін қызметтің сапасына көз жеткізуге мүмкіндік беретін тегін тесттік аудармалар жасаймыз.
Осындай жоғары талаптар біздің ауызша аудармашыларымызға да қойылады. Іскерлік келіссөздер, конференциялар немесе өнімдер таныстырылымының сәттілігі ауызша аудармашының жұмысына, байланыс жасау қабілетіне, жағдайға тез бейімделуіне байланысты болмақ.
Тапсырысты орындау мерзімдері
Біздің клиенттеріміздің көпшілігі тапсырысының сапалы орындалғанын ғана емес әрі уақытылы орындалғанын талап етеді және осы себепті де олар A-Translation аударма агенттігіне келеді. Біз клиенттеріміздің сенімін бағалаймыз және әрдайым қысқа мерзімдерде жұмыс істейміз.
Үлкен және маңызды жобаларды аудару үшін арнайы жұмыс тобы құрылады, бұл қиын заңдық және техникалық мәтіндерді максималды сапалы аударуға, сондай-ақ тапсырысты орындау мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Біз алдын ала келісім бойынша мерекелік және демалыс күндері тапсырыс қабылдай аламыз.
Қолжетімді бағалар
A-Translation аударма агенттігі аударма бағасын сапа мен бағаның неғұрлым оңтайлы арақатынасы ұстанымы бойынша белгілейді. Біз тапсырыс берушілерге сапалы жұмыспен қоса неғұрлым тиімді шарттар ұсынамыз.
Көлемді тапсырыстар беретін компаниялар үшін, сондай-ақ тұрақты клиенттер үшін тиімді жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. Біз A-Translation компаниясының өз клиенттері үшін неғұрлым перспективалы және серіктестікте қолайлы болуы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.
Құпиялылық
A-Translation аударма агенттігі тапсырыс берушілердің жазбаша аударуға беретін жұмыстарындағы немесе біздің аудармашылар ауызша аударма кезінде алатын ақпараттың құпиялылығын сақтауға баса мән береді. Біз қазіргі уақытта ақпараттың қандай маңызды екенін жақсы түсінеміз, сондықтан ақпаратты қорғау бойынша өз жүйемізді әзірледік және оны біздің компания мен тапсырыс беруші-компания арасында мәміленің бар-жоқтығына қарамастын әрдайым қолданамыз.
Бизнестегі әр сөз – алтынға тең. Сіздің компанияның имиджі, тауарлар мен қызметтеріңіздің өтімділігі, Сіздің беделіңіз шетел тіліне жасалатын аудармаға байланысты. Алматыдағы “A-Translation” аударма агенттігі әрдайым Сізге қажетті уақытта тапсырманы сапалы орындайды.
Біз өз жұмысымыздың сапасына қандай жауапты екенімізді түсінеміз және бізге білдірілген сенімді бағалаймыз!