Синхронды аударманың бір ерекшелігі –сөз сөйлеп тұрған адамның сөзін аяқтауын күтпей аудармашы бірден аударуды бастайды. Ауызша аударманың бұл формасы қатысушылар саны көп болатын немесе көп тыңдаушыға бағытталған жоғары деңгейдегі көлемді іс-шараларды өткізуде жиі қолданылады. Бірізді аудармамен салыстырғанда синхронды аударма іс-шараны өткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Синхронды аударма жасау үшін арнайы аппаратура қажет: құлаққаптар, микрофондар, пульттер. Кәсіби синхронды аударманы Алматыда жұппен жұмыс істейтін жоғары санатты мамандар жасайды. Үдерістің интеллектуалды және физикалық қиындығы себепті аудармашылар әр он бес – жиырма минут сайын өзара алмасып отырады. Аударманың бұл түрі ең қиын және сәйкесінше қымбат түрі болып табылады. Синхронды аударма кезінде тілді жетік білу, реакция жылдамдығы, арнайы білімнің болуы, анық дауыс, бай сөздік қор, аудармашының интеллектуалды және мәдени деңгейіне баса мән беріледі.
«A-Translation» аударма бюросы Сізге синхронды және бірізді аударма үшін кәсіби аудармашылар қызметін ұсынады.