Техникалық аударма

“A-Translation” аударма агенттігі тар шеңберлі салалық нормативтерге және тілдік стандарттарға сәйкес келетін кәсіби техникалық аударма жасауды ұсынады. Біз аударылған мәтіннің түпнұсқаға толық мағыналық сәйкес келуін, терминологияның дұрыс пайдаланылуын және кез-келген тілдік жұпта жұмыстың жоғары жылдамдығын кепілдендіреміз.

Сапалы техникалық аудармаларда детальдерге мұқият көңіл бөлінеді. Мәтінді алдын ала оқу кезінде мамандандырылған терминология бөлініп, талданады, сондай-ақ стильдік бағыты мен жұмыс көлемі анықталады. Содан кейін материалдың тікелей түсіндіру кезеңі басталып, міндетті түрде редакцияланып, лингвистикалық құрылымы мұқият тексеріледі.

Бейінді терминдер аудармасы келесі әдістерді қолданып жасалуы мүмкін:

  • тілдік баламаларды іздеу;
  • жаңа сөз тіркесін жасау;
  • семантикалық калькалау;
  • құрылымдық калькалау;
  • кірме сөздер әдісімен;
  • лексикалық трансформацияны пайдалану арқылы.

 

Көп жағдайда техникалық аудармалар жүйеленген терминологиялық лексиканы қолдану арқылы жасалады.

“A-Translation” компаниясының техникалық бағыттағы аудармаларды, баспасөз хабарламалары мен ғылыми жарияланымдарды аударатын аудармашыларының жоғары лингвистикалық білімінен бөлек қосымша мамандығы бар. Тіл тасымалдаушылармен кеңесе отырып, аудармашылық тәжірибеге бай «A-Translation» кәсіби аудармашылары техникалық аудармаларды бастапқы негіз стандарттарына толық сәйкес келетіндей орындайды.