Жазбаша аударма

 
 

Жазбаша аудармалар жалпы тапсырыстың басым бөлігін құрайды. Жазбаша аударманың әр тапсырысы үшін біз нақты тақырыпқа маманданған аудармашыны мұқият таңдаймыз. Көлемді тапсырыстар үшін арнайы аудармашылардың жұмыс тобы құрылып, аударма үдерісіне жетекшілік ететін менеджер тағайындалады. Әр аударма корректорлық түзетуден өтеді.

«A-Translation» аударма бюросы кез-келген тақырыпта жасайтын жазбаша аудармалар – бұл жоғары сапа, жеке жұмыс, кәсібилік және қысқа мерзім. Біз жазбаша аударманы негізгі еуропалық және шығыс тілдеріне жасаймыз. Нәтижесінде тапсырыс беруші кәсіби аударма алады.

Аударма құнының негізінде Microsoft Word статистикасы бойынша бос аралықты 1800 белгі есебінен 1 есептік бет алынады. Көлемді тапсырыс беретін тапсырыс берушілер үшін жеңілдіктер жүйесі бар.

Біз келесі тақырыптар бойынша кәсіби жазбаша аударма қызметін ұсынамыз:

  • веб-сайттар аудармасы;
  • техникалық аударма;
  • заңдық аударма;
  • қаржылық-экономикалық аударма;
  • медициналық құжаттар аудармасы;
  • жеке құжаттар аудармасы және т.б.

Біз аударманың нотариалдық куәландырылуын жасаймыз немесе аударманы өзіміздің мөрімізбен куәландырамыз.